30 қараша 2014 19:07

Талдықорғандағы газ жарылысынан қаза болғандар отбасына бір миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар отбасына 1 миллион теңгеден беріледі", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған қаласының әкімі Ғалымұрат Жүкелдің баспасөз қызметкерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Әрбір отбасы бір миллион теңгеден алатын болады. Ал газ жарылысынан жарақат алғандарға 500 мың теңдеген беріледі.Қаржы облыстық бюджеттен бөлінбек. Сонымен қатар, бір айдың көлемінде қираған үйді толығымен қалпына келтіреміз. Тағы бір айтарлығы, қаза болғандарды жерлеуге де облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып отыр", - дейді Ғалымұрат Жүкел. Қала әкімі оқиға орнына облыс әкімі Амандық Баталов келіп, бірқатар шұғыл тапсырмалар бергендігін де атап өтті.
Айтакетейік, Талдықорған қаласы маңындағы Еркін ауылында осы түнде газ жарылып,салдарынан жеті адам қаза болған еді. Біреуі – бала.

ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдегендей, «бұл төтенше жағдай газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін».Мамандар қазір апаттың себептерін анықтауда. Сондай-ақ, қирап қалған нысанды бөлшектеу жұмыстары басталып кетті. Жарылыс болған көп қабатты үйдің барлық тұрғындары жергілікті колледждің жатаханасына көшірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети