Талдықорған қаласының тұрғыны Ләззәт Ысқақова құлдықта болған уақыты жайында айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі әйелдің басынан өткенін толық біліп қайтты. Жақында шенеуніктер оның құжаттарын қалпына келтіріп, ал полиция әйел құлдықта болған шаруа қожалығын тексереді.
Талдықорған қаласының тұрғыны Ләззәт Ысқақова құлдықта болған уақыты жайында айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі әйелдің басынан өткенін толық біліп қайтты. Жақында шенеуніктер оның құжаттарын қалпына келтіріп, ал полиция әйел құлдықта болған шаруа қожалығын тексереді.
Әйел адам үш жыл бұрын табыс табу үшін Алматы облысы Алакөл ауданына табыс табуға барып, шаруа қожалықтарының біріне орналасқан.
"Жұмысқа танысым шақырған. Жақсы ақша төлеймін деген. Оның үстіне жақсы жұмыс істесең үстемақы да бар екен деді. Ол кезде қаржылық жағдайым ауыр болған соң келістім. Келгенімізде бізді шаруа қожалығы иесінің көмекшісі, Болат есімді ер адам күтіп алды. Ол құжаттарымды беруім керектігін айтты, өйткені мен мал және шаруашылық иесінің өзге де мүлкімен жұмыс істейді екенмін. Ойымда ештеңе жоқ, құжаттарды қолына ұстата салдым. Құжаттарды беріп, жұмыс орнына жеткеніміз сол еді, маған деген қарым-қатынастары өзгере қалды. Мен ол жерде бұзауларды көтеріп, малдың боғын тазаладым, далада қой бақтым. Мал қашып кете беретін, сол үшін мені ұратын", - дейді әйел.
Ол бірнеше рет қашпақ болған екен. Алғаш рет басынан арматурамен ұрған соң бекінген.
"Қамыс арасына жасырындым, ол жерден итпен іздеп тауып алды. Бір рет жалаңаяқ қар кешіп қаштым. Дегенмен алысқа кете алмадым. Ұстап алады, ұрады да, қайта жұмыс істетіп қояды. Қансырап жатсам да шаруа қожалығының иесі Бөкен мен әйелі Анар мені сабауын тоқтатқан емес. Балаларына дейін ұратын. Қатты сырқаттанып қалған кезде де дәрігерге жібермеді. Мүлде қозғалудан қалған кезде ғана автовокзалға әкеліп, жерге тастап кеткен еді", - деп есіне алды әйел басынан өткенін.
Ләззәт Ысқақова айта алмаған басқа жайттарды оның ағасы Бауыржан айтып берді.
"Хайуандар да бұлай жасамайды. Үш жыл іздеп таппадық. Ол үйге кіргенде, туған ағасы менің өзім оны танымай қалдым. Құр сүлдері қалған. Тірі өлік сияқты. Бірден дәрігерлерге хабарластық. Бірақ құжаттарының жоғы аурлық тудырды. Дегенмен дәрігерлер қол ұшын берді. Өкініштісі оны ауру меңдеп, қатерлі ісігі 4 деңгейге дейін асқынып кеткен. Енді оның тән азабынан құтылатын күнін күту ғана қалды. Қазір ғой тыныш жатқаны. Түнде қасқырша ұлиды. Жатыр мойыншасын обыр шалған", - дейді Бауыржан көзіне жас алып.
Әйелдің бес баласы бар. Олар қазір балалар үйінде.
Талдықорғанның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері біраз жылдан бері әлеуметтік жәрдемақы алатын Ләззәт Ысқақованы бірден таныған. "Қазір біз тазалық заттары, дәрілер және азық-түлікпен қамсыздандырып жатырмыз. Ысқақованың құжаттарын қалпына келтірумен айналысып жатырмыз", - дейді бөлім жетекшісі Гүлжан Оспанова.
ІІД-нің өкілдері Ләззәт Ысқақованың арызы ресми тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тексеріс жүргізу үшін іс Алакөл ауданындағы аймақтық полиция бөлімшесіне берілді.