Талдықорғанда базар өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда базар өртенді Базардағы өрт. ©Tengrinews.kz

Талдықорғанда қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түні базар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі қала әкімдігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметтері бойынша, тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыған. "Шаған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базарындағы өрт туралы хабар жедел қызметке сағат 00.08-де түскен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түні базар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі қала әкімдігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметтері бойынша, тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыған. "Шаған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базарындағы өрт туралы хабар жедел қызметке сағат 00.08-де түскен.

Оқиға орнына сегіз өрт сөндіру техникасы мен 33 өрт сөндіруші маман келді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімеуінше, өрт киімдер сақталған қоймадан шыққан. "Жедел қызметке көмекке "Көркем Талдықорған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Жетісу су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан екі су тасушы көлік келді. Тонаушылық болмау үшін базар орналасқан ауданды ішкі істер басқармасының қызметкерлері қоршады", - деп хабарлады әкімдіктегілер. Айта кетейік, Талдықорған базарындағы өрт 02.08-де ауыздықталды. "Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазір оқиға орнында Талдықорғанның ішкі істер басқармасы мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандарынан құрылған тергеу тобы өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр өткізгіштердегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін, оны базар басшылығы бақылап отыру тиіс", - деп мәлімдеді әкімдік мамандары.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласындағы базарда ірі өрт болды. Алматыдағы Никольский базары өртенген болатын. Ол кезде өртенген ауданның 340 шаршы метр екені нақтыланды. Өрт туралы хабар 15 қыркүйекте 12.10-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минутта жетіп, өртті ауыздықтап, залалсыздандырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети