Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай ақпарат Instagram желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай ақпарат Instagram желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды.  

Жазба авторының айтуынша, оқиға 6 желтоқсанда таңғы 7:00 шамасында қалаға қарасты Еркін ауылында болған. № 26 мектептің маңындағы аялдамада ер адам балтамен автобустың терезелерін шаққан. Автордың айтуынша, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. 


© taldykorganec_ka

Полиция мәліметінше, ер адам екі күннен соң ұсталған. Құқық қорғау органдарының мамандары тексеру барысында оқиғаның соңғы аялдамада болғанын анықтаған. Бірнеше адам осы оқиғаның куәгері болған. 

"Осы суреттер мен ақпарат әлеуметтік желіде таралып кетті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды сабырға шақырды, осы іске қатысты қылмыстық тергеу шаралары басталған және 8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полицияға жеткізілді. Ол психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам, ресми түрде медициналық есепте тұр. Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 


Сурет Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен. 

Полицейлердің айтуынша, ер адамның әрекеті қылмысқа жататын болғандықтан, ол өңірлік психоневрологиялық диспансерге жатқызылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети