Талдықорғанда иттер тістелеген бала қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда иттер тістелеген бала қайтыс болды © pexels.com

Талдықорғанда питбуль тұқымды иттердің шабуылынан қайыс болған 7 жастағы балаға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда питбуль тұқымды иттердің шабуылынан қайыс болған 7 жастағы балаға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға 6 қарашада қала маңындағы саяжайлардың бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, иттер қоршаудан шығып, балаға шабуыл жасаған. Оның мойыны мен жамбасы тістеліп, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жукелдің айтуынша, дәрігерлер екі сағат бойы баланың өмірі үшін күресіп, ота жасаған. Бірақ амал не, ол аман қалмады. 

Полицейлер иттердің иесін тауыпты. Ол 44 жастағы Талдықорған тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, үйінде 6-7 ит бар, олардың көбі - питбультерьерлер екен. Оларды үйді қаруылдау үшін ұстапты. 

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, баланың қайтыс болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы "Абайсызда кiсi өлтiру" бойынша іс қозғалды.

"Иттерді иесі анықталды. Тергеу облыс департаментінің қатаң бақылауында болады", - деді полиция өкілдері. Енді иттердің иесі ешқайда кетпеу туралы тілхатқа қол қойды. Оның 7 итінің көзі жойылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети