Талдықорғанда үш жасар бала қайтыс болды: Ол менингит жұқтырған деген болжам бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда үш жасар бала қайтыс болды: Ол менингит жұқтырған деген болжам бар

Талдықорған инфекциялық балалар ауруханасында үш жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы менингикоккты инфекция профилактикасының мәселесі айтылған брифинг барысында белгілі болды. 

2015 жылы туған нәресте мамырдың 28-не қараған түні қатты ауырған, оның дене қызуы көтерілген. 

28 мамырда 15:40-та ол ауруханаға менингококк инфекциясы, менингит диагнозымен жатқызылған. Сол күні кеште бала қайтыс болды. 

"Баланың менингиттен қайтыс болды деп нақты айта алмаймыз, себебі қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. Баламен байланысқа түскен адамдар, ата-анасы және басқа да адамдар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Осы оқиғаға дейін ол басқа өңірде болған. Онымен байланыста болғандардың барлығы бақылауға алынды. Превинтив емдеу жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети