Талғар ауданында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Талғар ауданындағы мектеп есепшісі 90 миллион теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданындағы мектеп есепшісі 90 миллион теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады.

"Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды", - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 миллион теңгеден астам шығынды өтеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети