Алматы облысындағы Талғар өзенінде сел жүру қаупі әлі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Талғар өзенінде сел жүру қаупі әлі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күнгі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша судың шығыны мынадай:
- Екіаша елді мекені тұсындағы Басқан өзені суының шекті шығыны секундына 75,4 текше метр болса, қазіргі уақытта су шығыны секундына 40,8 текше метр;
- Сарқан өзені суының шекті шығыны секундына 47 текше метр болса, қазіргі уақытта су шығыны секундына 32,8 текше метр;
- Қорғас елді мекеніндегі Қорғас өзені суының шекті шығыны секундына 260 текше метр болса, қазіргі уақытта су шығыны секундына 30 текше метр;
- Талғар өзені суының шекті шығыны секундына 45 текше метр болса, қазіргі уақытта су шығыны секундына 29,0 текше метр болып тұр.
Сонымен қатар, Сарқан ауданы Екіаша елді мекеніндегі Басқан өзеніне жақын орналасқан Абылай хан көшесіндегі 4 үйдің маңында 18 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Панфилов ауданы Қорғас өзенінің алабындағы №2 Қақпан мұздақ көлі Жетісу Алатауда және Сарқан өзенінің алабындағы Ақкөл көлінде қарқынды келген суды басуға гидравликалық түтіктерді төсеу үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК Алматы облысында ескерту жариялады. "Ауа температурасының жоғарлауына және күтілетін жауын-шашындарға байланысты, 28-30 шілде аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр тасқыны қалыптасуы мүмкін, тауларда сел қаупі сақталады", - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.