06 наурыз 2017 | 17:26

Талғар тұрғыны мешітке жарылғыш зат қойғанын хабарлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Талғар тұрғыны алкогольдік ішімдікке мас болып, жергілікті биліктің күш құрылымдарын аяқтан тік тұрғызды. Телефон арқылы ол орталық мешітке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Талғар тұрғыны алкогольдік ішімдікке мас болып, жергілікті биліктің күш құрылымдарын аяқтан тік тұрғызды. Телефон арқылы ол орталық мешітке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 наурызда Талған АІІБ кезекші бөліміне бомба қойылғаны туралы белгісіз адамнан хабар түскен. Мешітке келуші 18 адам мен дін қызметкерлері эвакуацияланған. Күш құрылымдары қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша мешіт ғимаратынан және айналасынан ешқандай да күдікті зат табылмаған. 

"Жедел-тергеу шаралары барысында 40 жастағы азамат ұсталған. Ол мас күйінде болып, қоңырау шалғаны анықталды. Қазіргі уақытта, ер адам ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабына сәйкес Талғар аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған", - деп хабарлады Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, облыстық полициядағылар осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша іс қозғалғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети