Талғарда 15 жастағы лицей тәлімгері көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талғарда 15 жастағы лицей тәлімгері көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Арыстан" мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Бейсен 1 маусым сағат 17.00 шамасында досымен Талғар қаласының орталығындағы көпір бойымен келе жатып, өзенге көпірден секірмек болған ер адамды байқаған.
"Мирас еш абдырмастан, досына полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалуын өтініп, өзі төмен, өзенге қарай жүгірген. Өзеннің қатты ағысынан қорықпаған ол, ер адамның қаза болуына жол бермей, оны жағаға шығарған. Сол сәтте оқиғаға орнына полиция мен жедел жәрдем де келіп жеткен", – дейді Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ораз Жолдасов.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен адам Талғар қаласының 1982 жылғы тұрғыны. Ол мас күйінде өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Қорытындысында ер адамның оң аяғы сынып, миы шайқалған және басқа да жарақаттар алғаны көрсетілген.
Қазіргі таңда осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дереккөз мәліметінше, ер адамды құтқарып қалған жасөспірім Мирас Бейсен жақын арада көрсеткен ерлігі мен жоғары азаматтық ұстанымы үшін Алматы облысы Полиция департаменті басшысы атынан марапатталады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!