Алматы облыстық ІІД Талғарда полицейлердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі тоқтатты. Жол апаты 2015 жылы 9 мамырда болды, оның салдарынан үш жігіт қаза тапты. Қаза болғандардың ата-аналары Tengrinews.kz тілшісіне істің жабылғанын және жол апатына қаза тапқандардың кінәлі деп танылғанын айтты. Олар мұндай тұжырыммен келіспей отыр. Қаза тапқандардың туыстары тергеуді әділетсіз деп есептеп, прокуратураға шағым түсіріп, олар істі қайта қарауды талап етті. Еске сала кетейік, жол апатынан Audi автокөлігінде болған үш адам қаза тапты - Жеңіс Бекмұратов, Шыңғыс Қосжанов пен Жандос Берікұлы. Ал SsangYong көлігінде отырған полицейлер зардап шеккен жоқ.
Алматы облыстық ІІД Талғарда полицейлердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі тоқтатты. Жол апаты 2015 жылы 9 мамырда болды, оның салдарынан үш жігіт қаза тапты. Қаза болғандардың ата-аналары Tengrinews.kz тілшісіне істің жабылғанын және жол апатына қаза тапқандардың кінәлі деп танылғанын айтты. Олар мұндай тұжырыммен келіспей отыр. Қаза тапқандардың туыстары тергеуді әділетсіз деп есептеп, прокуратураға шағым түсіріп, олар істі қайта қарауды талап етті. Еске сала кетейік, жол апатынан Audi автокөлігінде болған үш адам қаза тапты - Жеңіс Бекмұратов, Шыңғыс Қосжанов пен Жандос Берікұлы. Ал SsangYong көлігінде отырған полицейлер зардап шеккен жоқ.
Жеңіс Бекмұратов
Жеңіс Бекмұратов Талдықорғанның табиғи ресурстар басқармасында жұмыс істеген, ол қайғылы оқиғадан бірнеше ай бұрын ғана Алматыға ауысыпты. "9 мамыр ұлымның туған күні еді, сол күні қаза тапты, - дейді Жеңістің әкесі Сабыржан Бекмұратов. - Дәмханада отырған, кейін үйге қайтып келе жатты. Рульде Жеңіс болған. Ол ішімдік ішкен жоқ, мен нақты білемін. Ол Шыңғыспен және Жандоспен бірге негізгі жолмен кетіп бара жатқан, ал SsangYong-тағы полицейлер қосалқы жолмен оңға қарай бұрылған. Сол жерде олар соқтығысты. Куәгерлер полицейлердің жол қозғалысы ережесін бұзғанын бір ауыздан айтты, олар жолдың қарсы бағытына шыққан. Олар Audi-дің жолын жапты, бәлкім, оларды солай тоқтатпақшы болған шығар. (...) Балаларымыз сол жерде жан тапсырды", - деді ол.
Жеңістің әкесі Сабыржан Бекмұратов
Жігіттің әкесінің айтуынша, сараптама Жеңіс Бекмұратовтың қанында алкогольдің болғанын анықтады. Алайда ол медициналық куәландырудың нәтижесі бұрмаланған деп отыр. Жеңіспен бірге қаза тапқан қоймашы Шыңғыстың да анасы дәл осындай пікірде. "Білесіз бе, жол апатынан кейін Талғардағы жолдарды жуып шықты. Оқиға орнын тазалап, ізді жасырды. Жол-көлік оқиғасының схемасы да қате сызылды, шындығында барлығы олай болмаған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қыркүйекте істі тоқтату туралы қаулы шықты. Полицейлер ұлдарымызды кінәлі ғып шығарды, кінәларын мойындағылары келмейді, себебі бастары кетеді!", - деді қайтыс болған Шыңғыстың анасы Эльмира Тұрысбекова.
Қайтыс болған Шыңғыстың анасы Эльмира Тұрысбекова
Шыңғыс Қосжанов
Қаза тапқан жолаушылардың арасында учаскелік полицей Жандос бар, бірақ ол тап сол күні қызметте болмаған.
Оқиға орны
"Біз прокуратураға жаздық. Біздің арызымыздан кейін қосымша сараптама тағайындалды, алайда бірқатар уақыттан кейін іс қайта жабылды. Біз қазір әділдікке қол жеткізе алмай жүрміз. Полицейлер өздері жақты қорғайды, олар жол апаты үшін жұмыс орындарынан айырылғылары келмейді. Сонымен қатар, біздің балаларымыз соқтығысқан полиция қызметкерлері Бақдәулетов, Садықов пен Есеркен ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр", - деді Жеңістің әкесі Сабыржан Бекмұратов.
Tengrinews.kz тілшісі осыған байланысты пікір алу үшін облыстық ІІД Тергеу басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Садырбаевпен байланысты. Оның айтуынша, жол апаты Audi көлігін тізгіндеген Жеңіс Бекмұратовтың кінәсінан болған. "Біз мұқият тексердік. Тіпті видеожазбадан олардың сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, жолдың қарсы бағытына шыққан. Сараптама қорытындылары бойынша, жүргізуші оқиға кезінде мас болған. Audi автокөлігі полицейлер отырған SsangYong-пен соқтығысты. Олар қызметтерін атқарып жүрген, ол жол-патрулінің көлігі, - деп түсіндірді Садырбаев. - Прокуратура біздің істі тоқтату туралы қаулымызбен келісті, ол жерде барлығы тексерілген, ешқандай бұрмалаушылық жоқ", - деп мәлімдеді ол, айтуынша, оқиғаға Жеңіс Бекмұратов кінәлі, ол қаза тапқандықтан іс жабылды.
Еске сала кетейік, үш жігіттің қаза тапқаны 12 мамырда белгілі болды. Куәгерлер жол апатының патрульдік көліктің кесірінен болғанын айтты, алайда кейін олардың мас күйде куәгерлік еткендері анықталды.
Жол апатына ұшыраған Audi
Бақылау камерасынан алынған видео.