Талғарда ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды видео кадры

Талғарда екі ер адамның жанжалы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда екі ер адамның жанжалы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, олардың бірінің қолында пышақ болған. Ол қарсыласына: "Қарныңды ақтарамын!" деп айқайлаған.

Оқиға Талғарда Қонаев пен Абай көшелерінің қиылысында түнгі сағат 03:55-те түсірілген. Видеодан ер адам екіншісінен қашып бара жатқанын көруге болады. Оларды ажыратуға тырысқан әйел де жүгіріп жүргені байқалады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Қазіргі уақытта полиция видеодағы адамдарды анықтап жатыр.

"Бұл жағдай бойынша полицияға шағым түспеген. Дегенмен оқиға Талғар аудандық полициясында тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облысының полициясы.

Еске салайық, бұған дейін сайлау нәтижесі бойынша Талғар әкімі анықталған болатын. Талғар әкімі болып Арыстанбек Әбілқайырұлы сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети