Талғарда жол апаты жанжалға ұласты: оқиға видеоға түсіп қалған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда жол апаты жанжалға ұласты: оқиға видеоға түсіп қалған © instagram/kris_p_talgar

Талғар қаласында Audi және Renault көліктерінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регионға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар қаласында Audi және Renault көліктерінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регионға" сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан екі бағыттан келген көліктер бір-бірімен соқтысып, Audi автокөлігі инерция арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткені көрсетіледі. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Оқиғадан кейін жоғарыда аталған көліктердің жүргізушілері арасында жанжал туындап, оқиға орнына белгісіз адамдар келген. Текетірес барысында Audi жүргізушісі тіркелген газ тапаншасымен қолында спорттық битасы бар белгісіз адаммен ауызша жанжалға түскен. Айта кету керек, оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданында тіркелді.

Барлық қажетті тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулердің қорытындыларынан кейін процестік шешім қабылданатын болады.

Тергеу барысын облыстық департамент басшылығы бақылауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети