05 желтоқсан 2023 | 12:05

Талғардан SOS сигналын жіберген. Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жоғалған ер адамның әйелі ұсынған Фото: жоғалған ер адамның әйелі ұсынған

Алматыда 29 қарашада ер адам түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен. Әйелінің айтуынша, оған Талғардан SOS сигналы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 29 қарашада ер адам түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен. Әйелінің айтуынша, оған Талғардан SOS сигналы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған 34 жастағы алматылық Тимур Поповтың әйелі күйеуінің 30 қарашаға қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтты.

"Алматыда Назарбаев даңғылы бойында тұрамыз. Түнде балалармен ұйықтап жатқанда ол үйден шығып кеткен. Ол ештеңе ескертпеді, ешкімге қоңырау шалмады, жазбады, достарының ешқайсы білмейді. Күртешесін киіп, бас киімін де алмай, үйден шығып кеткен. Келесі күні таңғы сағат 3-те оның iPhone телефонынан Талғардағы геолокациясы көрсетілген SOS сигналын алдым. Осыдан кейін телефон өшіріліп, қайта қосылмады. 1 желтоқсанда Алматы Медеу ауданының полициясына арыз жаздық, содан бері күйеуімнен еш хабар жоқ", – дейді жоғалған ер адамның әйелі Алина.

Әйел полицейлердің геолокация деректерінде көрсетілген жерге барғанын, бірақ бұл жерден күйеуінің ізі табылмағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ер адамның Талғарға не үшін барғанын түсінбейді. Онда достары бар, бірақ олар оны көрмеген.

Ер адамды іздеу бес күннен бері жалғасып жатыр. Ер адам қара күрте, көк джинсы шалбар және сары аяқкиім киген.

Белгілері: бойы 183 сантиметр, шашы қара, ағарған, сақалы бар, көзі қоңыр.

Ер адам туралы мәлімет білетіндерден полицияға немесе +7 701 768 9368 нөміріне хабарлас сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети