09 маусым 2023 18:00

Тамырымен жұлынып кеткен: Астанада ағаш құлап, жолды жауып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Астанада қатты жел салдарынан құлаған ағаш бірнеше сағат бойы жолды жауып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қатты жел салдарынан құлаған ағаш бірнеше сағат бойы жолды жауып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құлаған ағаштың видеосы редакцияның WhatsApp нөміріне келді.

"Ағаштар Алматыда ғана емес, Астанада да құлап жатыр екен", - деп пікір қалдырған видео авторы.

Реклама
Реклама

Тілшіге Сарыарқа ауданының әкімдігі берген мәлімет бойынша, оқиға Ағыбай батыр көшесі, 4-үй маңында болған. Баспасөз қызметі мәліметінше, ағаш "сау және апатты жағдайда болмаған", бірақ қатты жел салдарынан құлаған.

"Ағыбай батыр, 4 мекенжайында құлаған бұл ағаш сау, апатты жағдайда емес және бұл ағаштың тамыры шірімеген. Мұның себебі - қатты жел. Бұл ағаш шамамен 60-65 жаста.

Оқиғадан кейін дереу коммуналдық қызмет бригадасы жіберіліп, 2-3 сағаттың ішінде алып тасталды", - деді Сарыарқа ауданының әкімдігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram