Тамыздан бері көрінбей кеткен қазақстандық басшы тергеу изоляторында видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамыздан бері көрінбей кеткен қазақстандық басшы тергеу изоляторында видеоға түсіп қалды © facebook/Законопослушный гражданин

Бірнеше ай бойы үнсіз кеткен Солтүстік Қазақстан облысы Энергетика басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов тергеу изоляторында болып шықты. Онда оны "Хабар" телеарнасының түсіру тобы байқап қалған. Бұл ретте шенеуніктің ұсталуына қатысты әзірге ешбір ведомство ресми пікір берген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше ай бойы үнсіз кеткен Солтүстік Қазақстан облысы Энергетика басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов тергеу изоляторында болып шықты. Онда оны "Хабар" телеарнасының түсіру тобы байқап қалған. Бұл ретте шенеуніктің ұсталуына қатысты әзірге ешбір ведомство ресми пікір берген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Ілиясов бұған дейін Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, кейін бірнеше жыл Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Былтыр қазанда Солтүстік Қазақстан Энергетика басқармасының басшысы болды.

Басылым мәліметінше, осы уақыт ішінде Ілиясов баспасөзге ашық болған, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылымының әртүрлі мәселелеріне қатысты үнемі пікір білдіріп жүрген. Алайда биыл тамызда шенеунік кенеттен ақпарат кеңістігінен көрінбей кеткен.

Қылмыстық іс туралы қауесет тез тараған, бірақ ешкім ештеңені ресми растаған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет те ешқандай пікір білдірмеген.

"Қазақстандағы президент сайлауында "Хабар" телеарнасының түсіру тобы Петропавлдың тергеу изоляторындағы дауыс беру барысын түсіріп алған. Дауыс берушілердің бірі Бақыт Ілиясов... Дауыс беру барысы туралы видеоны журналист Төлеген Иманов "Законопослушный гражданин" тобының парақшасында жариялады", - деп жазды басылым.

"Энергетика басқармасының қазіргі басшысы тергеу изоляторына қалай түскенін әлі білмейміз. Тиісті органдар пікір білдіреді деп күтеміз", - делінген жазбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети