Танымал блогер Нұр-Сұлтанда коменданттық сағатты бұзғаны үшін жазаланды

Танымал блогер Нұр-Сұлтанда коменданттық сағатты бұзғаны үшін жазаланды Фото:instagram.com/zhanabylov_e

Блогер Ерболат Жанабыловқа Нұр-Сұлтанда коменданттық сағатты бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Ерболат Жанабыловқа Нұр-Сұлтанда коменданттық сағатты бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер блогерді Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында сағат 01.30 шамасында тоқтатқан. Көлікте одан бөлек екі жолаушы отырған. 

"Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында 26 жастағы жүргізуші яғни блогер достарымен кездескеннен кейін үйіне қайтып бара жатқаны анықталды. Коменданттық сағатты бұзғандары үшін олар Есіл аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Бәрі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция өкілдері.

Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 30 630 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

"Полиция департаменті коменданттық сағат жарияланғанын ескертеді. Жаяу жүруге, сондай-ақ көлікпен жүруге тыйым салынады. Қозғалысқа рұқсат тек елорданың тыныс-тіршілігіне жұмылдырылғандарға ғана берілді. Үйде отырыңыздар, себепсіз қалаға шықпаңыздар және балалардың жүріс-тұрысын қадағалаңыздар. Мұның бәрі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалып жатыр", - деп түсіндірді ПД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети