Тараз-Алматы тасжолында тұрып қалған көліктер видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Көліктер жиналып қалған Тараз-Алматы тасжолы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктер жиналып қалған Тараз-Алматы тасжолы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, ондаған көлік қар құрсауында қалып қойған. Автордың айтуынша, видео 4 қаңтарда түсірілген.

"Қар басып қалды. Тіпті бульдозер де тұрып қалған", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 15:00-дегі мәліметі бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көктайғақ) 65 жол учаскесі жабылған, оның 35-і республикалық, 30-ы облыстық маңызы бар жолдар.

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою бойынша республикалық штаб құрылды, мұндай штабтар облыстарда – Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Жетісу облыстарында және Абай облысында жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 1000-нан аса көлік тұрып қалған.

"Осы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 725 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала, 124 техника қар құрсауынан шығарылды. Халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ эвакуациялау үшін 200 техника дайын тұр", - делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети