Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Тараз әуежайын "жарып жібермек" болған ресейлік азаматша ұсталды

21 Тамыз 2015, 12:17
0
© Vta.kz
© Vta.kz

Тараз полицейлері әуежайдан жарылғыш зат іздеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған хабарлама бергені үшін 2015 жылдың 20 тамызында Ресей федерациясының 35 жастағы азаматшасын ұстады. Ол Таразда уақытша тұрып жатқан.

Ведомствоның мәліметінше, жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама алғаннан кейін шұғыл қауіпсіздік шаралары қолданылды. "Аймақты қарау кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан жалған хабарлама берген ұялы телефоны тәркіленді", - деп жазылған хабарламада. Полиция "Террорлық акт туралы жалған хабар беру" бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Еске сала ктеейік, 2015 жылдың 6 тамызына Астана әуежайынан жарылғыш зат ізделген болатын. Белгісіз біреу таңғы сағат 9.00-де жалған хабарлама берген. Жарылғыш зат туралы ақпараттан кейін мыңнан аса адам эвакуацияланып, 4 рейс кешікті. Жарылғыш зат табылған жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай