03 қазан 2023 09:57

Тараз маңында болған төтенше жағдайдың егжей-тегжейі белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Олардың жанында снаряд жарылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Олардың жанында снаряд жарылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Таразда әскери полиция полигондағы төтенше жағдайға байланысты іс қозғағаны хабарланды.

Олардың жанында 82 миллиметрлік снаряд жарылған. Шымкент әскери бөлімінің әскери қызметшілері зардап шеккен. Үш ер адам да ауыр жараланды.

Еске сала кетейік, оқиға 30 қыркүйекте белгілі болды. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі тілшіге берген мәлімет бойынша, 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес "Айша-Бибі" полигонында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен атыс оқу-жаттығулары өткен. Қауіпсіздікті бұзу нәтижесінде үш офицер жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети