Тараз маңында 3,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу қазақстандық орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 2014 жылдың 16 қазаны күні Астана уақыты бойынша 05.23-те тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 72 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырымда болған. "Эпицентр координаттары: 42.66 градус солтүстік кеңдікте, 70.55 градус шығыс ұзақтықта. Магнитуда mpv=3.6. Энергетикалық класы=8.3", - делінген орталық мамандарының хабарламасында. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, 14 қазан күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 342 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 4,8. Жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Оның ошағы бір шақырым тереңдіктен анықталды. Эпицентр Қытай уезіндегі Ақсу қаласынан батысқа қарай 27 шақырымда, Қырғызстандағы Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 199 шақырымда болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түспеді.