26 тамыз 2021 21:31

Тараз маңындағы ТЖ: куәгерлер әлі де жарылыс болып жатқанын хабарлады

Куәгерлер жолдаған сурет. Жамбыл облысындағы әскери қойма

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада әлі де жарылыстар болып жатыр. Куәгерлер суреттер мен видеоларды жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада әлі де жарылыстар болып жатыр. Куәгерлер суреттер мен видеоларды жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, әскери қойма жақтағы жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Жарылыс тіпті Тараз қаласы тұрғындарына естілген. Жалпы күшті төрт жарылыс естілген. Өрт шыққан жаққа қарай ондаған жедел медициналық жәрдем көлігі бет алды. 

Облыс орталығы жағынан жол жабық, Алматы жағынан да жол жабылған.

Реклама
Реклама

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram