Тараз тұрғыны әйелін қорқыту үшін бесінші қабаттан секірмек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз тұрғыны әйелін қорқыту үшін бесінші қабаттан секірмек болды © Ktk.kz

Тараз тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін оны қорқыту үшін өзіне қол жұмсамақ болды. КТК телеарнасының хабарлауынша, мас ер адам мойнына арқан іліп бесінші қабатан секірмек болған.


Тараз тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін оны қорқыту үшін өзіне қол жұмсамақ болды. КТК телеарнасының хабарлауынша, мас ер адам мойнына арқан іліп бесінші қабатан секірмек болған.

Көршілері мен ауладағы адамдар оқиғаның куәгері болды. Айғайлаған дауысты естіген олар полицейлер мен құтқаушылар шақырған. Дегенмен ер адам егер жедел құтқару қызметкерлері кетпесе, өзіне қол жұмсайтынын айтты.

Соңында ер адам өзіне келді. Көршілері шағымданбағандықтан, оған ешқандай жаза қолданылмайды.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети