Таразда 7-сынып оқушысы зорланды: директор, орынбасары, мұғалім және вахтер жұмысынан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда 7-сынып оқушысы зорланды: директор, орынбасары, мұғалім және вахтер жұмысынан босатылды Видеодан алынған кадр. © ktk.kz

Таразда мектепте болған сұмдықтан жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда мектепте болған сұмдықтан жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеуіне алаңдаушылық білдіреді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының өкілдері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Осыған байланысты білім беру саласының жергілікті уәкілетті органдарының шешімімен мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі және вахтер қызметтерінен босатылды. Министр Жамбыл облысының білім беру басқармасындағыларға жәбір көрген мектеп оқушысына жедел түрде  психологиялық көмек көрсетуді және үй жағдайында оқытуды тапсырды", - деді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан.

Сондай-ақ, министрлік өкілі осы мектептегі барлық ата-ананың пікірі ескерілетінін айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети