19 маусым 2016 | 20:13

Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"19 маусымда 16.30-да "Борышкер" жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында полиция қызметкері қару-жарақ алып жүру деректерін анықтау бойынша тексеріс жүргізді. Тараздың ықшамаудандарының бірінде белгісіз біреу анықталмаған қарумен полиция қызметкерін атқан. Ұстау кезінде күдікті жараланды. Қазіргі уақытта полиция қызметкері мен күдікті ауруханаға түсті", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз өкілдері.

Полицияның мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған жігіт бұрын сотты болған. ІІД Діни экстремизммен күрес жөніндегі басқарманың есебіндегі мәлімет бойынша, күдікті діни экстремист емес. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау және оқиғаға қатысқандарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Осыған дейін Таразда тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарының эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Оқиға Тараз қаласындағы 6-ықшамуданындағы 18-ші үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің атысқан. Tengrinews.kz тілшісіне № 1 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне, жансақтау бөліміне ауыр жағдайда екі адам түскені хабарланды. Қазіргі уақытта оларға ота жасалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети