Таразда ер адам балаға себепсіз шабуыл жасады. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда ер адам балаға себепсіз шабуыл жасады. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде ер адам скутер теуіп келе жатқан баланы соққаны түсірілген видео тарады. Видеода ер адам баланы басынан ұрады. Бала күтпеген соққыдан жерге құлап қалады. Кейін баланы қорғамақ болған әйел араша түседі.
Tengrinews.kz редакциясы этикалық себептерге байланысты видеоны жарияламайды.
Кейін полиция бұзақыны анықтап, ұстады. Ол психикалық ауруға шалдыққан Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Оқиға Абай даңғылы бойындағы "Инвиво" медициналық емхана маңында бір апта бұрын болған.
"20 қазанда Таразда баланың денсаулығына зиян келтірген белгісіз ер адамға қатысты арызбен әйел полицияға жүгінді. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды.
Тергеу барысында күдіктінің психикалық аурумен ауыратыны, қазіргі ауқытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды. Балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал күдікті сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін психиатриялық стационарға жатқызылды", - деді Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!