Таразда болған төтенше жағдайдан сауда орталығындағы 18 дүкен өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда болған төтенше жағдайдан сауда орталығындағы 18 дүкен өртеніп кетті

Таразда болған төтенше жағдайдан сауда орталығындағы 18 дүкен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда болған төтенше жағдайдан сауда орталығындағы 18 дүкен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД сілтеме жасап.

"2017 жылдың 7 қаңтарында сағат 04.27-де 101 пультіне Тараз қаласындағы "Мыңбұлак" сауда орталығындағы өрт жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына сағат 4.28-де 9 дана техника, штаб көлігі мен жеке құрамнан 29 адам жұмылды", - деді ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұнатаева.

Сондай-ақ, Сәуле Мұнатаеваның айтуынша, өртті сөндіруге жедел жәрдем қызметіндегілер мен ІІД жергілікті полиция қызметіндегілер де жұмылған.

"Өрт сағат 05.27-де ауыздықталып, сағат 06.11-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 76 адам мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 15 дана техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Төтенше жағдайдан 18 дүкен, пластикалық терезелер мен халық тұтынатын тауарлар өртеніп кеткен", - деді департаменттегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети