Таразда бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адам зардап шекті

30 Мамыр 2017, 10:26
0
Таразда бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адам зардап шекті -

Таразда бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел мен бір бала зардап шеккен. Желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен.

"18.30-да Сухамбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің территориясында күшті желден 1986 және 1956 жылғы екі әйелдің үстіне металл қақпа құлады. Салдарынан 1986 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді. Екіншісі медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Тараздың 2-ші ықшамауданында орналасқан №43 үйдің маңында күшті желден 2006 жылғы баланың үстіне ағаш құлады. Салдарынан ол ауруханаға түсті", - деп хабарлады өңірлік ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері дауылдан екі адамның қаза тапқанын растады. Олар - 23 жастағы жігіт пен 54 жастағы ер адам.

"29 мамырда 18.21-де Тараздың 13-ықшамауданында №42 үйдің маңындағы құрылыс алаңында жылдамдығы секундына 27 метрге жеткен жел шатырды ұшырып әкетіп, 1991 және 1963 жылғы ер адамдар қаза тапты. Олар жұмыс істеп жатқан", - деді ТЖД өкілдері.

Ал кәмелет жасына толмаған баланың қазасына байланысты ТЖД өкілдері оқиғаның қаладағы дауыл басталмай тұрғанда болғанын хабарлады. 

"Бұл қайғылы оқиға Таразда жел басталмай тұрып болған. 14.50-де 8-ықшамаудандағы №12 үйдің маңында 2003 жылғы екі бала токқа түсіп қалған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндірді департаменттегілер. 

Сондай-ақ, қалада дауылдан электр желілері үзіліп, ағаштардың құлағаны айтылады. 

Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері өңірде жылдамдығы секундына 28 метрге жететін жел тұратынын ескертті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай