Таразда бұзақы демалыс орындарының бірінің күзетшісін жарақаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда бұзақы демалыс орындарының бірінің күзетшісін жарақаттаған © Тұрар Қазанғапов

Таразда демалыс орындарының бірінің күзетшісі тәртіп бұзушыны тыныштандырып жатқан сәтте жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда демалыс орындарының бірінің күзетшісі тәртіп бұзушыны тыныштандырып жатқан сәтте жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 шілдеде болған.

"Белгісіз бір адам тәртіпті бұзған. Күзетші болса оны тоқтатпақ болған, алайда тәртіп бұзушы оған дөрекі жауап берген. Содан олардың арасында жанжал туған. Кейіннен ол "Алнұр" демалыс орнының 1996 жылғы күзетшісін жарақаттап, оқиға орнынан жасырынған", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД өкілдері.

Нәтижесінде зардап шеккен ер адам Тараз қалалық № 1 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша ("Бұзақылық") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Полицейлер куәгерлерден жауап алып, видеобақылау камерасындағы материалдарды зерттеді. 21 шілдеде қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі 7-тармағына ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") ауыстырылды.

"Зардап шеккен күзетші оны жарақаттаған адамды полицейлер көрсеткен суреттерден таныды. Полиция қызметкерлері жауап алу барысында өз кінәсін мойындаған 1998 жылғы жігітті ұстады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети