29 мамыр 2017 | 22:57

Таразда дауыл тұрды: Екі адам опат болды

Таразда дауылдан баған құлап, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қаза тапқан екі адам түсірілген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда дауылдан баған құлап, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қаза тапқан екі адам түсірілген. 

"13-ші ықшамаудан. Жел тұрған кезде баған құрылысшылардың үстіне құлаған. Екі адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райында сақ болыңыздар, тараздықтар", - деп пікір жазды @tip_taraz деген қолданушы.

Реклама
Реклама

Алайда әзірше зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Таразда түстен кейінгі уақытта дауыл тұрды. Қалада бірнеше ағаш құлаған. Қазіргі уақытта қаладағы бірнеше қиылыста бағдаршамдар істен шыққан. Көшедегі электр желілері үзілген. ТЖД-дан төтенше жағдай туралы ескерту түспеген. Тек желдің күшейетіні туралы SMS хабарлама келген. 

Еске салайық, бүгін синоптиктер еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауатынын және үсік жүретінін болжаған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram