29 мамыр 2017 12:48

Алдағы күндері үсік жүреді және бұршақ жауады - Синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады және үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады және үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

"Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген хабарламада. 

Ал 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Астана қаласы: 30 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз қатты жаңбыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети