04 қазан 2018 | 08:57

Таразда жол апатынан колония басшысы мен жүргізушісі қаза тапты: Тағы бес адам жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК сюжетінің кадры © КТК сюжетінің кадры

Таразда болған жантүршігерлік жол апатынан қоныс колониясының басшысы мен жүргізушісі қаза тапты. Тағы бес адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда болған жантүршігерлік жол апатынан қоныс колониясының басшысы мен жүргізушісі қаза тапты. Тағы бес адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай бүгін таңғы 8-дер шамасында болған. Mercedes пен Kia бетпе-бет соғылып, қызметтік машинадағы түрме басшысы мен жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Салонда болған түзеу мекемесінің төрт қызметкері де түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесінде жатыр.

Ал, Mercedes-ті тақымдаған 41 жастағы жүргізушісінің жағдайы өте ауыр. Оның бауырына қатты зақым келген. Жол апатына да осы азамат себепкер болуы мүмкін. Өйткені ол мінген жүйіткіген көліктің капоты ашылып, алдын жауып қалған. Сондықтан машина қарсы бетке шығып кетіп, Kia-ға соғылған.

"Жарақатпен бес науқас түсті оның біреуі әйел. Ер кісілердің ішіндегі біреуі өте ауыр халде. Бауыр жарақатын алған. Жарақаты тігіліп қазір жағдайы бір қалыпты", - деп хабарлады №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети