Таразда политехникалық колледждің үшінші курс студенті Виктор Прокопенко бір аптадан бері іздестіріліп жатыр. 1997 жылғы жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарламалар қалада ілініп, әлеуметтік желілерде тарай бастады.
Таразда политехникалық колледждің үшінші курс студенті Виктор Прокопенко бір аптадан бері іздестіріліп жатыр. 1997 жылғы жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарламалар қалада ілініп, әлеуметтік желілерде тарай бастады.
Жоғалып кеткен жас жігіттің әкесі Теngrinews.kz тілшісіне Виктордың 2 наурызда колледжге кетіп, сол күйі оралмағанын айтып берді. Студент программист мамандығы бойынша білім алады екен. Сабақтан кейін таныстары Викторды оқу ғимаратына жақын маңнан көрген. Кейін ол із-түссіз жоғалып кетеді.
"Еріктілер мен полицейлер оны іздеп жатыр, дегенмен ешқандай нәтиже жоқ. Соңғы кезде ұлымның сабақ үлгерімі төмендеген еді. Шәкіртақыдан да айырылды. Отбасымыз күйлі тұрмайды. Мүмкін ол бір жерден жұмыс тапқан болар... Мен, тіпті, не ойларымды да білмеймін", - деді Петр Михаилович.
Ер адамның айтуынша, сол күні Виктор телефонын үйге тастап, тек сим-картасын алып кеткен. Ал жоғалып кетерден бір апта бұрын "ВКонтакте" әлеуметтік желідегі парақшасын және телефонынан WhatsApp қосымшасын өшіріп тастапты.
Айта кетейік, еріктілер "ВКонтакте" әлеуметтік желіден арнайы парақша ашып, онда Виктор туралы барлық мәліметті жинап жатыр. Іздеуге қатысқысы келетіндер арнайы белгіленген жерлерге келе алады. "Кездесу Махаббат Аллеясында, ҰОС ескерткішінің маңындағы дүңгіршектің маңында өтеді. Викторға көмектескісі келетіндер 9 наурызда сағат 17.00-де бізге қосыла алады", - делінген соңғы хабарламада.