Тараз көшелерінің бірінен қорапқа салынған сәби табылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі.
Тараз көшелерінің бірінен қорапқа салынған сәби табылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі.
Бес градус аяз кезінде сәби қораптың ішіне бір жаялыққа оралып салыныпты. Баланың жылаған дауысын көшеден өтіп бара жатқан екі ер адам естіген. Суық тиген нәресте ауруханаға жеткізілді. Ауруханада қыз балаға жаңа есім берілді - Нұрай. Оның салмағы - 2,4 келі, бойының ұзындығы - 49 сантиметр. Полицейлер баласын көшеге тастаған безбүйрек ананы іздестіріп жатыр.
"Біздің мақсатымыз - оның салмағын 2,5 келіге жеткізу, қазір құжаттарын жасап жатырмыз. Барлық құжат дайын болған кезде, сәбидің аты-жөнін жаңадан рәсімдейміз, өйткені оның кімнің баласы екені, тағы басқа мәліметі белгісіз. Полицейлердің хаттамасы негізінде құжат жинаймыз, содан кейін сәбилер үйіне апарамыз. Біз, дәрігерлер болып, оған Жарқынбек деген фамилия бердік", - дейді Тараз қаласы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Шынар Қамбарова.
Елімізде жаңа туған нәрестелерін кез келген жерге тастап кететін қыз-келіншектердің қатары азаяр емес. Бұған дейін Атырау облысында сәбиін дәретханаға тастаған әйелдің сотталғанын хабарлаған болатынбыз. Қызылқоға аудандық сотының үкімімен Сағыз ауылының тұрғыны 33 жастағы тұрғыны "Ананың жаңа туған баласын өлтіруі" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған бостандығын төрт жылға шектеу түрінде жаза кесілді.