20 ақпан 2015 | 12:07

Таразда күкірт қышқылы тиелген вагондар жолдан шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©chto-proishodit.ru ©chto-proishodit.ru

Таразда вагондар жолдан шығып кетіп, оның салдарынан күкірт қышқылы төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда вагондар жолдан шығып кетіп, оның салдарынан күкірт қышқылы төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 19 ақпан күні сағат 17.00 шамасында келіп түсті. Төтенше жағдай Тараздың өнеркәсіптік аймағының аумағында Шайқұрық пен Бурыл станцияларының арасындағы айналма жолда болған. Ведомствоның мәліметінше, жүк пойызының күкірт қышқылы тиелген жеті цистернасы жолдан шығып кеткен.

"№3604 жүк пойызының үш цистернасы бір жағына қарай аударылып кетті. Пойызда барлығы 44 вагон болды (олардың 15-інде күкірт қышқылы бар). Ресейден келе жатқан пойыз Жамбыл станциясынан "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауытына бағыт алған", - деп хабарлады ведомство.

Вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның салдарын жоюға арналған штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілу салдарын жоюмен "Қазфосфат" жұмысшылары айналысып жатыр. Күкірт қышқылы төгілген орын белгіленді. Екі цистерна тұрғызылып, апаттық-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жұмыстарға 30-дан аса адам жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети