Таразда қыз алып қашқан күйеу жігіт пен оның досы сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда қыз алып қашқан күйеу жігіт пен оның досы сотталды Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Жамбыл облысында қызды алып қашқан 2 адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қызды алып қашқан 2 адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды.

"2022 жылдың көктемінде "Ж" есімді азамат ортақ таныстары арқылы "А" есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, "Ж" есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған.

2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, "Ж" есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан", - делінген хабарламада.

Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген. Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады.

"21.09.2023 жылы Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети