Таразда МРТ аппаратында қаза тапқан ер адамның отбасы кінәлілерді жазалауды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
КТК арнасының сюжетінен алынған кадр КТК арнасының сюжетінен алынған кадр

Таразда 35 жастағы ер адамды МРТ аппараты тартып өлтірді. Марқұмның жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таразда 35 жастағы ер адамды МРТ аппараты тартып өлтірді. Марқұмның жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, 35 жастағы жергілікті тұрғынды магниттік-резонанстық томография аппараты жұтып қойып қаза тапқан. Атпалдай азаматты медициналық құралдың магниті ішке қарай тартып әкетіп, ол соның аузында кептеліп ажал құшқан.

"Ол біздің асыраушымыз еді. Енді не істедік?! Маған ұлымды қайтарып берсін. Ол әлі өмірдің қызығын көріп үлгерген жоқ. Артында кішкентай қызы жетім қалды. Жұмыс істейтін бөлмені өздері босатып беруі керек емес пе? Ал ондағылар МРТ-ны орнынан қозғалтуды осыларға жүктеген", - деді Ф. Хусаин-Ахуновтың анасы Вазира Хусаин-Ахунова.

Қайғылы жағдай қаладағы медициналық орталықтың бірінде болған. Мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі азамат МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған. Сол кезде ұдайы қосылып тұратын медициналық қондырғының қуатты магниті Фуркат Хусаин-Ахуновты ішіне тартып кеткен.

Телеарна тілшісінің сөзінше, 35 жастағы ер адам екі бүктеліп аузында кептеліп қалыпты. Бірден есінен танған жігітті алып шығуға адамдардың күші жетпей, кейін өлі денені жүк көлігімен суырып алуға тура келген.

Марқұмның жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керек дейді. Ал болған жағдайға түсінік беретін медициналық орталықтан бірде-бір өкіл табылмапты. Марқұмның артында әйелі мен төрт жасар қазы қалды.

"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 156-бабы, 3-бөлігімен тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПБ баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro