Таразда офицер әскери бөлімдегі бақылау камерасы алдында өзіне қол салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда офицер әскери бөлімдегі бақылау камерасы алдында өзіне қол салған © tvc.ru

Таразда әскери бөлім қоймасында 46 жастағы прапорщик өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Оңтүстік" әскери қолбасшылығында оқиғаның 28 қазан күні қару қоймасының аумағында болғанын растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда әскери бөлім қоймасында 46 жастағы прапорщик өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Оңтүстік" әскери қолбасшылығында оқиғаның 28 қазан күні қару қоймасының аумағында болғанын растады.

"№ 5513 әскери бөлімінің қару қоймасының аумағында 27.05.1970 жылы туған пропорщик Рапишев Үсен Тұрсынқұлұлы өзін жүрек тұсынан жаралады. Алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде (СДТБТ) материал тіркелді, істі Тараз гарнизонының Әскери тергеу басқармасы жүргізіп жатыр", - деді ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы Ниязтай Әлкешев.

Tengrinews.kz тілшісіне бұл бөлімде оның егізі де қызмет еткені белгілі болды. Қолда бар ақпар бойынша, біраз уақыт бұрын ол жұмыстан шығарылған.

Сонымен қатар, 46 жастағы Рапишевтің сол күні кезекші болғаны және өзіне бақылау камералары алдында қол салғаны белгілі болды. Оның артында төрт баласы қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети