Таразда әскери бөлім қоймасында 46 жастағы прапорщик өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Оңтүстік" әскери қолбасшылығында оқиғаның 28 қазан күні қару қоймасының аумағында болғанын растады.

"№ 5513 әскери бөлімінің қару қоймасының аумағында 27.05.1970 жылы туған пропорщик Рапишев Үсен Тұрсынқұлұлы өзін жүрек тұсынан жаралады. Алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде (СДТБТ) материал тіркелді, істі Тараз гарнизонының Әскери тергеу басқармасы жүргізіп жатыр", - деді ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы Ниязтай Әлкешев.
Tengrinews.kz тілшісіне бұл бөлімде оның егізі де қызмет еткені белгілі болды. Қолда бар ақпар бойынша, біраз уақыт бұрын ол жұмыстан шығарылған.
Сонымен қатар, 46 жастағы Рапишевтің сол күні кезекші болғаны және өзіне бақылау камералары алдында қол салғаны белгілі болды. Оның артында төрт баласы қалды.