Таразда өрт шығып, екі қыз оңбай күйіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда өрт шығып, екі қыз оңбай күйіп қалды © Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Таразда өрт кезінде екі қызды қатты өрт шалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда өрт кезінде екі қызды қатты өрт шалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеде сағат таңғы 05.07-де Тараз қаласының Жамбыл даңғылының бойында болған.

"Автовокзал маңында орналасқан "Фастфуд" жылдам әзірлеу контейнерінде газ балонының ақауынан газды әуе қоспасы тұтанып, артынша өртке ұласқан", - дейді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Өрт сөндіру қызметі өрттің жайылуын 05.15-те тоқтатып, 05.23-те оны толығымен сөндірді. Өрттің шығу себебі мен салдары анықталуда.

Өрт салдарынан 26 жастағы және 18 жастағы екі қыздың 90 пайыз денесі күйіп қалған, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруге жеке құрамның 11 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети