01 қазан 2020 | 14:38

Таразда өрттен екі бала қаза тапты: оларды үйде жалғыз қалдырып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

Таразда үйдегі өрттен екі бала көз жұмды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда үйдегі өрттен екі бала көз жұмды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 қазанда сағат 9.53-те ТЖД-ға Таразда тұрғын үйлердің біріндегі өрт туралы дабыл түсті. Оқиға болған жерге 8 өртсөндіруші және 2 техникасы бар бригада жөнелді. Өрт сағат 10.17-де сөндірілді, от 4 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Тұрғын үйде көмірқышқыл газымен улану белгілері бар 2018 және 2017 жылдары туған екі бала және бірнеше сіріңке қорабы табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жұмыста болған, анасы балаларын үйде жауып, медициналық мекемеге тексерілуге кеткен. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Оқиға болған жерге облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев келіп, облыс басшылығы атынан көңіл айтты. Зардап шеккен отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруда психологтардың көмегі де бар.

Облыс әкімдігі мен Жамбыл облысы ТЖ Департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Ересектерге қырағы болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек", - деп толықтырды облыс әкімшілігі өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети