Таразда полицейлер клубтың шатырынан секіріп өлмек болған қызды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда полицейлер клубтың шатырынан секіріп өлмек болған қызды құтқарды Видео кадры

Таразда түнгі клубтардың бірінің шатырынан секіріп кетпек болған қыздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда түнгі клубтардың бірінің шатырынан секіріп кетпек болған қыздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

18 желтоқсанда шамамен түнгі 2.00-де түнгі клубқа келушілер бір қыздың шатырға шығып алып, секірмек болған оқиғасына куә болды. Кадрлардан полиция қызметкерінің көмекке келгенін көруге болады. Ол дереу әрекет етіп, қызды өзіне тартып қалады. Сөйтсек, 21 жастағы қыз құрбысымен бірге клубқа келген де, екеуара ұрысып қалған. Полициядағылар қыздың аты-жөні анықталғанын және оның мас болғанын хабарлады.

"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері шатырға мініп, қызды құтқарып алды. Кейін ол Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне куәландыру үшін жеткізілді. Оның орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Ол наркодиспансерге жабылды. Қызға қатысты көшеде және қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети