26 қаңтар 2022 | 08:54

Таразда полиция ғимараты аумағын тазалау кезінде ер адамның қолында граната жарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Тараз қалалық ІІБ аумағын тазарту кезінде 26 жастағы ер адам дыбыс шығаратын граната тауып алған. Оқ-дәрі жарылып, ер адам оң қолынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тараз қалалық ІІБ аумағын тазарту кезінде 26 жастағы ер адам дыбыс шығаратын граната тауып алған. Оқ-дәрі жарылып, ер адам оң қолынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 12 қаңтарда болған. Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің анасы Айгүл Оспанова хабарласты. Әйелдің айтуынша, ұлы Тараздағы Завод аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын қалыпқа келтіру бригадасында жұмыс істеген.

"Тазалау жұмыстары кезінде қоқыспен бірге бейтаныс зат шыққан. Кейінірек бұл граната екені айтылды, ол жарылып кеткен. Мен полицияға арыз жаздым. Тәртіп сақшыларының бірі тіпті ұлым аумаққа граната әкелді деп күдіктенетінін айтты. Бірақ ресми мәлімдемені естіген жоқпын. Саперлар неліктен аумақты зерттемеген, неге тергеу актісі жоқ, қауіпсіздік техникасы қайда деген сұрақтарыма жауап бермеді. Жұмыс беруші туралы да ақпарат берілмеді. Бригадир келіп, дәрі-дәрмекке ақша берді, тіпті 30 пайызға да жетпейді", - дейді Айгүл Оспанова.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ер адам әйелі мен үш жасар қызын қамтамасыз етеді.

"Менің ұлым күтпеген жағдайдың құрбаны болды. Оған және отбасына көмектесуді сұраймын. Өтемақы төленсін, істемеген ісі үшін оны кінәламасын", - деді ол.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталғанға дейін мердігерлермен және аталған ұйым қызметкерлерімен нысандардағы кезекші полиция қызметкерлеріне қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе арнайы құралдар табылғаны туралы хабарлау қажет екені туралы түсіндірме әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

"Алайда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің жалдамалы қызметкері "Тараз қалалық унитарлық кәсіпорны" МКҚК ғимаратынан дыбыс шығаратын гранатаны анықтап, қауіпсіздік ережелерін ескермей, қызыққандықтан оны қолына алған. Ол жарылып, бірнеше саусағын жұлып әкеткен. Осыдан кейін ол дереу Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Тараз ДП өкілдері.

Тараз әкімдігі бұл оқиғаға қатысты тергеу аяқталған соң жәбірленушіге өтемақы төленетінін хабарлады.

Еске салайық, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысы полициясының төрт ғимараты қираған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети