Таразда ұрып-соғылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV тілшісі.
Таразда ұрып-соғылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV тілшісі.
Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады.
Жамбыл облысының ІІД өкілдері видеоның зерттеуге алынғанын хабарлады. Бұл оқиға Интернет қолданушыларының ашуын келтірді. Видео YouTube ресурсына салынғаннан кейін бірнеше күн ішінде 40 мың рет көріліп үлгерді.