Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Эврика" супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Эврика" супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты "Эврика" супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген.
"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады", - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.
© ІІМ ТЖК баспасөз қызметі