Таразда төртінші қабаттың балконында қамалып қалған баланы көршілері құтқарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда төртінші қабаттың балконында қамалып қалған баланы көршілері құтқарып алды © Youtube кадрлары

Желіде бүлдіршіннің төртінші қабаттың терезесінде тұрған сәті бейнеленген видео жария болды, оқиға Таразда болды делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде бүлдіршіннің төртінші қабаттың терезесінде тұрған сәті бейнеленген видео жария болды, оқиға Таразда болды делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Youtube парақшасында роликті MixedLine жария етті. Кадрлардан бүлдіршіннің көпқабатты үйдің алып тасталған балконында тұрғаны бейнеленген, киімі де жұпыны. Видео сипаттамасында автор оқиғаның Тараз қаласындағы бесінші ықшамауданында болғанын жазады. Видео "Мать в наказание вывела на балкон ребенка стоять и мерзнуть. г. Тараз, Казахстан" деп аталады.

Жамбыл облытық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері видеоның Таразда түсірілгенін растады, видеоны көшедегілер түсіріп алған. "Бұл пәтерде тұрмысы нашар отбасы тұрады, ПБ-1 есебінде тұр. Жанұяда әжесі, шешесі және үш баласы бар. Әкелері жоқ. Анасының тұрақты жұмысы жоқ, кездейсоқ табыстары бар, кейде бірнеше күн бойы үйінде болмайды. Әжелерінің зейнетақысына өмір сүреді. Бұл күні әжесі дүкенге шығып кеткен, ал балалар ойнап жүрген, 2008 жылғы бала тығылып қалады, ал балконға ұқсас орынның есігі құлыпталып қалған, ол есікті аша алмай қойған. Шошып кетіп, жылай бастаған. Көршілер полицияны шақыртқан, бірақ патруль келгенше есік ашылып, бала үйге кірген", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети