Таразда төтенше оқиғаның салдары қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда төтенше оқиғаның салдары қалпына келтірілді ©gorod48.ru

Жамбыл облысында жүк вагондарының жолдан шығып кетуінің салдары залалсыздандырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Вагондардың жолдан шығып кетуін не себеп болғанын ұлттық компанияда құрылған комиссия анықтайды.

"Жамбыл облыстық жол бөлімі қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің нәтижесінде Шайқұрық станциясында жолдан шығып кеткен күкірт қышқылы тиелген вагондар қалпына келтірілді, вагондардың барлығы рельске қойылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Таразда вагондар жолдан шығып кетіп, оның салдарынан күкірт қышқылының төгілгені бұған дейін хабарланған болатын. Төтенше оқиға 19 ақпанда Тараздың өнеркәсіптік аймағының аумағында Шайқұрық пен Бурыл станцияларының арасындағы айналма жолда болды. №3604 жүк пойызының күкірт қышқылы тиелген жеті цистернасы жолдан шығып кетті. Күкірт қышқылы төгілген орын белгіленіп, апаттық-жөндеу жұмыстарына 30-дан аса адам жұмылдырылды. Күкірт қышқылы төгілген жерге әк себілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети