Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді © tsn.ua

Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, оқиға 6 маусым күні болды. 19 жастағы қыз құрбыларымен бірге қаланың орталық көшелерінде велосипед теуіп жүрген. Кейін қыздар орталық стадион жаққа баруды ұйғарыпты. "Қыз құрбыларынан озып кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолағына велосипедін айдап шығып, балалы әйелді қағып кеткен, алған жарақатынан әйел адам есін жимастан қалалық ауруханада қайтыс болды", - деді соттағылар.

Сот үкімімен қыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігімен ("Абайсызда қазаға ұшырату") кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған және нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети