Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таразда велосипедпен әйелді қағып өлтірген қызға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, оқиға 6 маусым күні болды. 19 жастағы қыз құрбыларымен бірге қаланың орталық көшелерінде велосипед теуіп жүрген. Кейін қыздар орталық стадион жаққа баруды ұйғарыпты. "Қыз құрбыларынан озып кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолағына велосипедін айдап шығып, балалы әйелді қағып кеткен, алған жарақатынан әйел адам есін жимастан қалалық ауруханада қайтыс болды", - деді соттағылар.
Сот үкімімен қыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігімен ("Абайсызда қазаға ұшырату") кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған және нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.