Тараздағы мектепте шыққан өрттен кейін балалар қалай оқиды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы мектепте шыққан өрттен кейін балалар қалай оқиды? видео кадры

Өрт болған Тараздағы мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт болған Тараздағы мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қыркүйекте Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте өрт шықты. Мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, сол кезде ғимаратта балалар болмаған.

Мектептегі өрт салдары жойылып, жөндеу жұмыстары аяқталмайынша, балалар басқа оқу орындарында оқитын болады. Облыс әкімдігі мәліметінше, 18 қыркүйектен бастап Тараз қаласындағы үш білім беру мекемесінде №44 орта мектептің оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылған:

  • қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-гимназиясы (бастауыш мектеп және 1-4 сыныптар, бала саны – 388, сынып саны – 19).
  • №31 орта мектеп (5, 6, 7, 8 сыныптар, сынып саны – 18, бала саны – 398).
  • №23 орта мектеп (9, 10, 11 сыныптар, сынып саны – 11, бала саны – 235).
  • №31 орта мектепте оқу процесі екі ауысымда, №23 орта мектепте екі ауысымда, Абай мектеп-гимназиясында бір ауысымда жүргізіледі.

"Мектептер арасындағы арақашықтық екі шақырымнан асатындықтан, оқушылар арнайы автобуспен тасымалданады. Қазіргі уақытта автобустардың саны мен сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тамақтану бекітілген мектеп асханаларында беріледі. Бұл білім ошақтарына жауапты қызметкерлер, ата-аналар мен мектеп ұжымы ұйымдастырылды", - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін 17 қыркүйекте түнде Тараздағы мектептердің бірінде өрт шыққаны хабарланған еді. Бұл кезде ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Желіде жұмысшылардың үшінші қабаттың терезелерінен секіріп, аяқ-қолдары сынғаны туралы ақпарат тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети